Қазақстан Иранға 1 миллион тонна бидай экспорттайды

0
242
Егістік алқап.

Иран Қазақстаннан бидай сатып алатын болды. Бұл туралы ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Соңғы үш жылда Иран шетелден бидай сатып алмады. Өз фермерлеріне қолдау көрсетіп, елде мол астық өнген. Алайда, өткен жылғы қуаңшылықтан егістік қурап қалған. Тапшылық байқалмағанымен, өнім жоспардан аз жиналған.

Экономисттердің есебінше, Иранның ішкі нарығына шамамен 12 миллион тонна бидай қажет, ал елдің 24 миллион тонна өңдеуге қауқары бар.

Ресей мен Қазақстан астықтың артылғанын өңдеп, көрші елдерге экспорттауды жоспарлаған.

“Теһран сапасына байланысты қазақстандық бидайға назар аударған. Отандық өнімнің сапасы өте жоғары екендігі анықтады. Астықтың бір бөлігін өз қажетімізге жұмсап, қалғанын өңдеп, Ауғанстан, Сирия мен Иракқа жеткізуді көздеп отырмыз. Сұраныс жоғары болатынына сенімдіміз. Өйткені көрші елдер бидай мен ұн тұтынудан әлемде алдағы орында тұр”, – дейді Теһран кәсіпкерлер қауымдастығы директорлар кеңесінің мүшесі Мортеза Мири.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз