Қазақстандықтар ақылы жолдарға 2 млрд теңге төледі

0
103
Сурет: dorognoe.ru

2019 жылдың І жартыжылдығында Қазақстанда ақылы автожолдардан 2 млрд теңге жиналды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

Нұр-Сұлтан – Щучинск жолынан – 706 млн теңге жиналды. 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында бұл учаскеден 667 млн теңге алынған.

2019 жылғы 26 қаңтар мен 30 шілде аралығында Нұр-Сұлтан – Теміртау тас жолында қазақстандықтар 640 млн теңге, ал осы кезеңде Алматы – Қапшағай учаскесінде 328 млн теңге төледі. Сондай–ақ, есепті кезеңде Алматы–Қорғас тас жолынан 314 млн теңге жиналды.

Бұл ретте, ақылы учаскелерде құны 1 мың теңге болатын бір жыл мерзімге 27 мыңнан астам абоненттік төлем рәсімделді.

Ведомствоның хабарлауынша, жыл соңына дейін жалпы ел бойынша республикалық және облыстық маңызы бар 503 км автожол пайдалануға беріледі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз