Былтыр қаңтар-қараша аралығында Қазақстаннан шетелге ақша аудару жүйесі (ААЖ) арқылы 888,5 млрд теңге аударылған. Бұл қаржының 250,5 млрд теңгесі Өзбекстанға кеткен. 

ААЖ ішінде 2023 жылғы қаңтар–қарашада жіберілген ақша аударымдарының жалпы көлемінің 80%-ға жуығы тек «Золотая Корона» үлесіне тиді: 708,8 млрд теңге — бір жыл бұрынғыдан 4% аз. Сондай-ақ айтарлықтай көлем Contact (103,3 млрд теңге) және Western Union (50,4 млрд теңге) жүйелеріне түсті.

Photo: Ranking.kz

Шетелден Қазақстанға аударылатын қаржы көлемінің жартысынан сәл астамы «Золотая Коронаға» тиесілі: 143,4 млрд теңге — 2022 жылдың қаңтар–қараша айларымен салыстырғанда бірден 3,1 есе аз. Одан кейін Western Union (63,3 млрд теңге), MoneyGram (35,9 млрд теңге) және Contact (13,5 млрд теңге) келеді.

Шетелге жөнелтілген ақша аударымдарының жалпы көлемінің төрттен үш бөлігі тек үш ел: Өзбекстан (250,5 млрд теңге), Ресей (217,8 млрд теңге) және Түркияға (204,8 млрд теңге) тиесілі. Сондай-ақ Грузияға (85,1 млрд теңге), Қырғызстанға (30,6 млрд теңге) және Қытайға (29,1 млрд теңге) айтарлықтай қаржы аударылған.

Photo: Ranking.kz

Шетелден Қазақстанға аударылған ақша көлемі бойынша Ресей бірінші орында: 101,3 млрд теңге. Одан кейін Өзбекстан (31,2 млрд теңге), АҚШ (30,7 млрд теңге) және Оңтүстік Корея (30 млрд теңге).

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз