Қазан айында Қазақстанда қатты ірімшіктің орташа бағасы келісіне 4 378 тг құрады. Өткен жылдың қазан айымен салыстырғанда аталмыш өнім 31,4%-ға қымбаттаған, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Өңірлер арасында бағасы ең қымбат қатты ірімшік Қарағандыда сатылып жатыр. Мұнда ірімшіктің орташа бағасы 5 356 теңге деңгейінде. Астанада орташа баға 4 880 теңге болса, Алматыда ірімшіктің келісі үшін орта есеппен 4 700 теңге, Таразда – 4 782 тг төлеу қажет.
Ең арзан ірімшік Қонаев қаласында – 3 153 тг.
2022 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында Қазақстанда 24 409,9 тонна ірімшік пен сүзбе өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,3%-ға аз.
Қазақстандық ірімшік (сүзбені қоса алғанда) негізінен ТМД елдеріне (РФ, Армения, Қырғызстан, Әзербайжан, Өзбекстан), сондай-ақ Корея мен Моңғолияға экспортталған. Импорттың негізгі көлемі РФ, Беларусь, Украина, Латвия, Иран елдерінен келеді.