Депутат азық-түлік бағасын 50 пайызға дейін төмендетуге болатын ұсыныс айтты

0
41

Бүгін мәжіліс отырысында, депутат Баққожаев Анас, қазақстандықтардың табысының 60 пайызы азық-түлік алуға кететінін айтып, осыған байланысты өзінің шешімін премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғаринге ұсынды.

Депутат өз сөзінде, бұл көрсеткіштің төмен екендігін және санкцияға түссе де ресейліктер бізден екі есе төмен қаражат жұмсайтынын айтты.

«Құрметті Серік Мақашұлы, азық-түлік қымбат. Оны жақсы білесіз. Бүгінде қазақстандықтар, тапқан табысының 60 пайызын азық-түлікке жұмсайды. Еуропаның дамыған елдерінде бұл көрсеткіш 11-35 пайыз аралығында. Санкцияның астында қалған ресейліктер Қазақстанға қарағанда азық-түлікке екі есе аз шығындалады», – деді депутат сөз басында.

Баққожаевтың айтуынша, азық-түлік бағасы қымбат болғанымен оның қызығын шаруалар емес, делдалдар көріп отыр.

«Бір қызығы мына азық-түлік қымбат болса да соны, қалаға жеткізіп отырған ауыл азаматтары, кәсіпкерлері, шаруалар еш байып отырған жоқ. Себебі пайданың барлығы базарды, дүкенді, сауда орталықтарын торлаған делдалдардың қалтасында қалып отыр. Бүгінде азық-түліктің бағасының тұрақсыздығы оның қымбаттауына себепкер болып отырған, қаланың көтерме базарлары, сол базарларды торлаған делдалдар. Бұларды ұйымдасқан топ деп те атауға болады. Міне осылайша шаруаның 1900 теңге тұратын сиыр еті біздің дастарқанға келгенше 3200 теңгеге айналады. 80 теңгенің картобы 250 теңгемен келеді», – дейді депутат.

Осы мәселеге байланысты депутат, азық-түлік бағасын 50 пайызға дейін түсіруге болатын әлемдік тәжірибеден мысал келтірді.

«Кооперативтік дүкендер бар, бұл дүкендердің негізгі мақсаты пайда табу емес. Әлемде жақсы дамыған. Мысалы Швейцарияда, «Миграс» деген дүкен бар. 40 жыл бойы кооперативтік негізде жұмыс істейді. Оның қожайыны бір адам емес, Швейцарияда тұратын 2 миллион азаматтың өзі. Олар, осы азаматтарға, тауарларды өзіндік құнымен қоса, қызмет түрлерін де өзіндік құнымен ұсынады. Астана қаласында, барлық жерлерде осындай дүкендер ашуға болады, халықты жұмылдыруға болады. Пилоттық жоба жасап, адамдарды біріктіріп, кооперативті дүкендерді ашып, әрі қарай оны кеңейтіп ауылдағы шаруалармен байланыстырса, азық-түлік бағасы 50 пайызға дейін арзандайды», – дейді депутат Баққожаев Анас.

Депутат өз ұсынысын мәжіліс отырысында премьер-министрдің орынбасарына ұсынды. Енді мәселе, әрі қарай министр Серік Жұманғариннің қарауында.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз