Доллар мен рубль бағамы төмендеді

0
127

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 441- 446 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды kazaknews.kz тілшісі.

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 441 – 445 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 442– 446 теңге аралығында құбылып тұр. 1 наурыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,99 теңгеге төмендеп, 441, 67 теңге болған.

Ұлттық банктің 2 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 442, 11 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,88 теңге болды.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,75 – 6,06 теңге аралығында саудаланып жатыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз