Сарапшылар Еуропаның 44 елінде (соның ішінде Ресей, Украина, Түркия, Молдова) осы жылдың қаңтар-мамыр айларындағы сатылымы жоғары автокөліктерді атады.
RNS таратқан ақпарға сәйкес, сатылымы жоғары автокөліктер рейтингінде Volkswagen Golf көш бастаған. Аталған автокөліктің 243 мыңы сатылған, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 8,1% артық.
2018 жылдың басынан бері Еуропада жоғары сатылымға ие жаңа автокөліктердің ондығына Ford Fiesta (136 мың дана), Nissan Qashqai (132 мың дана), Skoda Octavia (125,5 мың дана) және Volkswagen Tiguan (125,3 мың дана) енген.
Аталған ондықта көш бастаған көліктер – Ford Focus (117 мың дана ), Peugeot 208 (113 тмың дана), Citroen C3 (101мың дана).
Сарапшылар Lada Vesta маркалы автокөлігіне сұраныс Ресеймен өзге де мемлекеттерде 5 айдың ішінде 44% өсіп, 41,5 мың данасына дейін сатылғандығын алға тартады, бұл өз кезегінде аталған автокөліктің 100 үздіктің қатарындағы 76 орыннан 56 орынға жылжуына сеп болған. Бұдан өзге Lada Granta маркалы автокөлігінің сатылымы өсіп, 10,3% көтерілген.
Жеңіл автокөліктер сатылымы жаһанда 2009 жылдан бері жылына 2-3 пайызға артып келеді. Соңғы бес жылда жаңа автокөліктердің жаһандық сатылымы 80 миллионнан 94 миллион бірлікке дейін өсті. 2018 жылы автокөлік нарығы 98 млн жеңіл автокөлікке, ал 2019 жылы 100 миллион бірліктен жоғары өсу мүмкіндігі бар.