Халықаралық даму институтынан алынған 14 млрд доллар қайда жұмсалды?

0
122
фото: Pixabay

Халықаралық даму институты кейінгі 15 жылда 11 мемлекетке жалпы төлемнің (94,4 млрд АҚШ доллары) 15,2%-ы немесе 14,4 млрд АҚШ долларын Қазақстанға аударған. Бұл ақпарат биыл ақпан айының ортасында Еуразия тұрақтандыру және даму қорының (ЕТДҚ) егемен қаржыландыру деректер базасында (SFD) жарияланды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

Халықаралық грант пен несие қандай мақсатта жұмсалды?

Бірінші орында мемлекеттік басқару және басқару секторы.

3,5 млрд АҚШ доллары немесе ҚР жалпы егемен қаржыландыруының 24,3%-ы қазақстандық шенеуніктерді қаржыны басқаруға, тәуекелдерді есептеуге және реформаларды жүзеге асыруға үйретуге жұмсалған.

Инфрақұрылым (3,3 млрд АҚШ доллары) және көлік (2,7 млрд АҚШ доллары) жобалары екінші және үшінші орында.

Халықаралық банктер Қазақстанға жол салуға, нысандарға энергетикалық аудит жүргізуге, энергия үнемдейтін технологияларды енгізуге, тариф саясатын өзгертуге көмектескен. Ең көп қаржыландырылған бестікке экономикалық саясат, қаржы және банк ісін дамытуға арналған көпсекторлы жобалар мен бағдарламалар да кірген. Осы екі санат бойынша жалпы шығын 3,9 млрд АҚШ долларын құраған.

Бірақ әлеуметтік салаға басымдық берілген жоқ. Даму институттары Қазақстанға денсаулық сақтау жобаларына 84,3 млн АҚШ долларын, білім беру мен еңбек ресурстарын дайындауға 287,3 млн АҚШ долларын, қауіпсіздік, құқық және сот төрелігін дамыту секторына 36 млн АҚШ долларын бөлген. Кейінгі 15 жылда егемен қаржыландыру аясында ғылыми зерттеулерге грант немесе несие бөлінбеген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз