Кәсіпкерлердің ең көп қай салаға қаражат құйғаны анықталды

0
58

2017 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығындағы негізгі капиталға салынған инвестиция 5,6 трлн теңгеге жетті. 

Статистика комитетінің мәліметінше, аталған көрсеткіш өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 4,4%-ға артқан.

Хабарламаға сай, ең көп инвестиция тартқан сала – өнеркәсіп.

Соның ішінде тау-кен өндірісі мен ұңғымаларды ашуға бизнесмендер 2 трлн теңге салса, өңдеуші өнеркәсіпке құйылған қаражат көлемі 599,3 млрд теңге, электр және газбен қамтуға 327,2 млрд теңге, ал сумен қамту және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына 172,1 млрд теңге инвестиция құйылған.

Сонымен қатар, тасымал және қойма бизнесіне 822,2 млрд теңге, жылжымайтын мүлік операциясына 681,1 млрд теңге, ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығына 206,4 млрд теңге қаржы салынған.

Бұдан бөлек, білім беру саласына 190 млрд теңге, бөлшек және көтерме саудаға 128,3 млрд теңге, қонақүй қызметі мен тамақтануға 62,2 млрд теңге, құрылысқа 49,5 млрд теңге, қаржы және сақтандыру қызметіне 47,7 млрд теңге, ақпарат және байланысқа 43,5 млрд теңге, ал кәсіби, ғылыми және техникалық қызметке 34,2 млрд теңге салған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз