Кепілсіз тұтыну несиені қайта қаржыландыру: банктердің тиімді ұсынысы

0
102
Photo: inbusiness.kz

Қазақстандағы тұтыну несие нарығында бүгінгі таңда тек несие алу ғана емес, сонымен бірге қолданыстағы несиені неғұрлым тиімді мөлшерлемемен қайта қаржыландыру мүмкіндігі бар, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Ranking-ке сілтеме жасап.

Кепілсіз тұтыну несиелерді қайта қаржыландыруды қазіргі таңда Қазақстанның 21 ЕДБ-нің 10-ы ұсынады. Еске салайық, жалпы кепілсіз несиені 12 банк ұсынып отыр.

Bereke Bank-те қайта қаржыландырудың ең төменгі жылдық тиімді мөлшерлемесі белгіленген: 8,38%-дан бастап. Одан кейін ЖТСМ 13,6%-дан басталатын Еуразиялық Банк және ЖТСМ 21,9%-дан басталатын ВТБ Банкі бар. Бұл ретте сегменттегі орташа тиімді мөлшерлеме осы үшеуінен айтарлықтай жоғары: 23,55%-дан басталады.

Сегменттегі ең жоғары несие мерзімі — 84 айға дейін — ВТБ Банкі ұсынады. Одан кейін 72 айға дейінгі мерзіммен Еуразиялық Банк келеді. Ең көп таралған қайта қаржыландыру мерзімі – 60 айға дейін – оны сектордағы 10 ЕДБ-нің 8-і ұсынады.

Несиенің максималды сомасы — 10 млн теңгеге дейін — Home Credit Bank ұсынады. Одан кейінгі орындарда 8 млн теңгеге дейінгі сомаға Bereke Bank, Jusan Bank және Altyn Bank қаржыландырады.

Еске сала кетейік: ҚР Ұлттық банкінің мәліметінше, биыл жыл басына тұтыну несиелері бойынша нарықтық базалық пайыздық мөлшерлеме 17,2%, бір жыл бұрын 18,9%, бес жыл бұрын 20,9%, он жыл бұрын 23,7% болды.

Қазақстанда тұтыну несиелерінің жалпы көлемі, бұрын жазғанымыздай, жыл басында 7,7 трлн теңгеге жетті, бұл былтырғыдан 25,2% артық.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз