Кімдердің несиесі кешіріледі?

0
94

26 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың банк алдындағы берешегіне қатысты жарлыққа қол қойды.

Ондағы мақсат – қиын жағдайға тап болған, көпбалалы, мүгедек балалары бар, жалғыз асыраушысынан айырылған отбасылардың және атаулы әлеуметтік көмек алатындар мен жетім балалардың қаржылық ахуалын жақсарту. Айта кетейік, бұл көмек 500 мыңға жуық қазақстандыққа көрсетіледі.

Кімнің өсімпұлы мен айыппұлы кешіріледі?

1 шілдедегі жағдай бойынша несиелер мен Kaspi Red шоттары бойынша мерзімі өткізілген төлемдер болған клиенттерге Kaspi.kz мобильді қосымшасында немесе SMS арқылы хабарлама келеді. Хабарламада есептен шығарылған өсімпұлдың немесе айыппұлдың сомасы көрсетіледі.

                      Өсімпұлым мен айыппұлымның кешірілгенін қалай білемін?

1 шілдедегі жағдай бойынша несиелер мен Kaspi Red шоттары бойынша мерзімі өткізілген төлемдер болған клиенттерге Kaspi.kz мобильді қосымшасында немесе SMS арқылы хабарлама келеді. Хабарламада есептен шығарылған өсімпұлдың немесе айыппұлдың сомасы көрсетіледі

Бұдан былай кімдерге қарыз берілмейді?

Қазақстандықтардың банк алдындағы берешегін өтеу туралы жарлықтан бөлек, Президент табысы төмен қазақстандықтарға несие беруге тыйым салу керектігін мәлімдеп, тапсырма берген болатын.

Тоқаевтың айтуынша, дәл қазіргі уақытта тұтынушылық кредит бойынша жағдай енді қайталанбауы қажет. Оның алдын алу үшін Ұлттық банктегілерді қатаң шараларды қолдануға міндеттеу керек деген еді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз