Құрылыс қарқыны бәсеңдеді – Тимур Сүлейменов

0
103

Республиканың 6 облысында құрылыс қарқыны төмендеді. Бұл туралы бүгін Үкіметтің кезекті отырысында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді.

Тимур Сүлейменов: «Құрылыс бойынша 6 өңірде төмендеу байқалды. Бұл, Астана қаласы, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстары. Өңірлердегі құлдырау техногендік минералдық түзілімдерді қайта өңдеу фабрикасының, «Абу-Даби Плаза» көпфункционалды кешенінің, магистральды мұнай және газ құбырларының, тұрғын және өнеркәсіптік ғимараттардың, білім беру объектілерінің құрылысы бойынша жұмыстардың азаюымен байланысты», – деді.

Министр елде қүрылыс қарқыны төмендегенімен өнеркәсіп саласында оң көрсеткіштің байқалатынын атап өтті.

«Ауыл шаруашылығында Атырау облысынан басқа, барлық өңірде өсім байқалады. Айтарлықтай өсімді Ақмола облысы көрсетуде», – деді министр.

Бүгін Үкіметтегі кезекті отырыста аймақтарды көктемгі жауын-шашын мен қар еруінің салдарынан туындайтын су тасқынының алдын алу мәселелері талқыға салынды.

Министрлердің баяндамасына сәйкес өңірлер көктемгі төтенше жағдайларға дайын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз