2018 жылдың 1 сәуірінде елдің халықаралық резервтері 1,5 %-ға ұлғайып, 90,4 млрд долларға жетті. Бұл жөнінде бүгінгі үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.
Сүлейменовтің айтуынша, 1 сәуірде елдің халықаралық резервтері 1,5 %-ға ұлғайып, 90,4 млрд долларға жетті. Алтын валюта резервтері 1,1 %-ға артып, 31,1 млрд долларға жетті. Ұлттық қор активтері 1,6 %-ға ұлғайып, 50,3 млрд долларды құрады.
Сондай-ақ, 2018 жылдың алғашқы ширегіндегі елдің экономикалық ахуалы қорытындыланған отырыста министр Сүлейменов жалпы ішкі өнімнің (ВВП) 4,1 %-ға өскенін айтты. Министрдің дерегінше, былтыр дәл осы кезеңде жалпы ішкі өнім көрсеткіші 3,6 %-ға ғана ұлғайған.
Министрдің мәлімдемесіне сүйенсек, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы мен көрсетілетін қызметтер саласында болған өсу мұндай серпінді қамтамасыз етті. Сондай-ақ, инвестициялардың жоғарғы өсімі мен төмен инфляциялық процестер жалпы ішкі өнімнің ұлғаюына септігін тигізді.
Инфляция көрсеткіші болса, жыл басынан бері 1,8 %-ға жетті. Былтыр дәл осы кезеңде бұл көрсеткіш 0,5 %-ға төмен болған, ал инфляцияның жылдық мәні 6,6 %-да тұрақтаған.
Бауыржан Мұқан