Ташкентте Орталық Азия экономикалық форумы өтті

0
98
Ташкент қаласында кездескен аймақ елдерінің Үкімет өкілдері.

15 наурыз күні Ташкент қаласында аймақ елдері Үкімет өкілдерінің қатысуымен алғашқы Орталық Азия экономикалық форумы (ОАЭФ) өтті. Бұл туралы primeminister.kz сайты хабарлады.

Қазақстан делегациясын ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек бастап барды.

Қазақстанның вице-премьері бүгінде Орталық Азия аймағының елдері көршілік және өзара мүдде қағидаттары негізінде барлық бағыттар бойынша ынтымақтастықтың елеулі әлеуетін көрсететінін атап өтті.

Ортада ҚР Премьер-министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек.

Қазіргі таңда елдер арасындағы өзара сауда тауарларының номенклатурасын кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазірдің өзінде Орталық Азия аймағының нарығында сұранысқа ие 45-кежуық тауарлар позициялары анықталған, Қазақстан оларды жеткізу көлемін ұлғайтуды көздеп отыр.

Аймақтық өзара іс-қимылды жандандыру үшін “бестік” елдерін экономикалық дамытудың шоғырландырылған тәсілдерін әзірлеу және ірі инфрақұрылымдық жобаларды бірлесіп іске асыру қажеттігі аталып өтті.

ОАЭФ барысында Қазақстан Ауғанстан, Пәкістан, Үндістанды қоса алғанда Оңтүстік және Орталық Азияның барлық елдерінің өкілдерінің қатысуымен “Орталық және Оңтүстік Азияның көлік-транзит дәліздерін дамыту жөніндегі кеңес” мемлекетаралық кеңесші және үйлестіруші органын құруға бастама білдірілді.

Форум қатысушыларының айтуынша, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейту мен нығайтудың драйвері аймақаралық ынтымақтастықты дамыту, шекарада кеден және әкімшілік рәсімдерді жеңілдету, тауарлар транзиті рәсімдерінің айқындығы мен тиімділігін арттыру, өзара туризмді дамыту, “Жібек жолы” визасын енгізу болмақ.

Сонымен қатар, өңір елдерінің шаруашылық жүргізуші сбуъектілерінің арасында тікелей байланыстарды дамыту үшін, экономиканың басымдықты салаларында бірлескен кәсіпорындардың, бизнес қауымдастықтардың өкілдерінің қатысуымен Орталық Азия елдерінің Іскерлік кеңесін құруменсалалық бизнес-форумдарды жиі өткізу мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз