Қор биржасында таңғы сауда-саттық бойынша ұлттық валюта бағамы долларына 344,18 теңгеге құнсызданды. Бұған дейінгі таңғы сессиясының қорытындысы бойынша бір доллардың құны 343,06 теңгені құрады.
Ең төменгі баға 348, 80 теңгені құраса, шекті баға – 344,43 теңге. Сатылым ауқымы 51,3 миллион долларды құрады.
Kurs.kz таратқан ақпарға сәйкес, валюта айырбастау бекеттерінде доллар 344 теңгеден сатылуда. Brent маркалы мұнайдың баррелі Астана уақытымен 11.05-те 71,7 долларға сатылуда.