Елімізде жаңа салық кодексі әзірленіп жатыр. Парламент депутаттары мен бизнес субъектілері құжатты кеңінен талқылауда.
ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров бұл реформа тек қана ҚҚС бойынша бізге 2-2,5 трлн теңгеге дейін қосымша кірістерді әкелуі тиіс деп есептейді. Ал қосымша қаражат негізінен әлеуметтік шығындарға жіберілетінін айтты. Оның ішінде білім саласы, денсаулық сақтау және әлеуметтік төлемдерге жұмсалатынын жеткізді.
Салық саласындағы реформалар бюджеттік кірістерді арттыруды көздейді. Егер құжат жобасы қолдау тапса, Қазақстанда қосымша құн салығы 16 пайызға дейін ұлғаюы мүмкін. Жаңа кодекс 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енуі тиіс.