Жаһандық қаржы дағдарысының мерзімі айтылды

0
106
дереккөзден

Әлемдегі ірі Bridgewater Associates қорының негізін қалаушы миллиардер Рэй Далио жаһандық қаржы дағдарысы алдағы 2 жылда болады деп мәлімдеді.

Business Insider ақпарына сәйкес, Далио әрбір экономикалық циклде пайыздық көрсеткіштер ең төменгі деңгейде тұратын, қарыз өндірістік кірістерді арттыру үшін ұлғаятын сондай-ақ, активтер құны өсетін кезең болатынын алға тартқан.

Бұл кезеңнен кейін сәйкесінше қаржы саясаты күшейеді. Себебі, кез келген компанияға өсіп жатқан қарыздарды өтеу қиынға түсіп, экономиканың өзі мұнымен күресе алмайтын деңгейге жетеді.

Несие нарығындағы шарттардың қатаңдауы сұранысты төмендетіп, орталық банктер керісінше, пайыздық үстемелерді нөлге дейін жеткізеді. Осы себептен экономика құлдырауға ұшырайды.

Қазір миллиардердің сөзінше, активтердің құнының жоғарылығы, төмен пайыздық бағам, қаржы саясатының қатаңдауы байқалуда.

Бұған дейін Bank of America әлем күрделі экономикалық дағдарысқа бас ұрған 1997-1998 жылдардағы жайттардың қайталануы әбден мүмкін екендігіне болжам жасады. Осылайша, дамушы елдердің нарығы қысқарып, жоғары технологиялық компаниялар акциясының құны аспандап, ал АҚШ экономикасы тұрақты даму жолына түседі деген болжам айтады сарапшылар.

Маусым айының басында Дүниежүзілік банк те жаһандық қаржы дағдарысының болуы әбден мүмкін екендігін хабарлаған еді. Банк алдағы екі жылда жаһандық құлдырау болмауы ықтимал екендігін, дегенмен, 2019 жылдан кейін жағдай күрделене түсетіндігін мәлім етті.

Оқи отырыңыз: Дағдарысқа қалай төтеп беруге болады?

 

 

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз