2017 жыл қазақстандықтарға қандай өзгерістер әкелді?

0
89
дереккөзден

Қазақстан тауық жылында әлемдік аренада айрықша табыстарға қол жеткізіп, қуанышты да нәтижелі сәттермен есте қалды. 2017 жыл қазақстандықтар үшін қандай өзгерістер әкелді. Тауық жылының аяқталуына орай өткенге қорытынды жасайық.

28 – қысқы Универсиада

Оңтүстіктің астанасы Алматы қаласында ағымдағы жылдың 28 қаңтарынан бастап 8 ақпанына дейін жалғасқан Дүниежүзілік 28 – қысқы Универсиада болып өтті.

Дүниежүзілік қысқы универсиаданың тұмары ретінде сұңқар таңдалды. Тұмарды ұсынушылардың пікірінше, сұңқар жылдамдықты, жеңілдікті, күш-қуат пен жеңіске деген құлшынысты бейнелейді. Логотип айқын көрінетін динамикалық пішіні бар сұңқар қанаты түрінде жасалған. Осы символға орай, Алматыдағы Универсиаданың ұранына «Қанатыңды кең серпі!» тіркесі таңдалды.

Универсиадаға FISU альянсына кіретін әлемнің 50 елінен екі мыңнан астам студент қатысты.

Универсиада аясында Қазақстанда спорттың 12 түрінен жарыстар жүргізілді. Мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, тау шаңғысы спорты, сноубординг, биатлон, шаңғы жарысы, шайбалы хоккей, керлинг міндетті спорт түрлеріне кіреді. Ал қабылдаушы тараптың ұсынысы бойынша енгізілен қосымша спорт түрлеріне шаңғымен тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы, фристайл, конькимен жүгіру спорты және бенди кірді.

Алматыда өткен Универсиадада 166 спортшы 12 спорт түрі бойынша Қазақстанның намысын қорғады.

Универсиада Қазақстан үшін де олжалы болды. Универсиадаға қатысқан отандық спортшылар 36 медальды олжалады. Жалпыкомандалық есепте 2-орынға тұрақтадық.

ШЫҰ-ға Қазақстанның төрағалық етуі.

Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) төрағалық етуі 2016 жылдың 24 маусымнан бастап 2017 жылдың 8-9 маусымына дейін жалғасып, 9-маусымда ШЫҰ-ға мүше елдер басшыларының 17-отырысы болып, онда Үндістан мен Пәкістан ұйымның толыққанды мүшелері атанды.

Халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесі

Жылдың басты оқиғасы, 3 айға созылған мамандандырылған халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесі маусымның онында басталып 10-қыркүйекте межесіне жетті.

Халықаралық көрмеге үш ай бойы әлемнің 178 мемлекетінен жер шарындағы мемлекеттердің 90 пайызын құрайтын 4 миллионға жуық адам келген. Көрме барысында 3500 мәдени шара ұйымдастырылып, 33 мыңдай әртіс өнер көрсетіп,адамзат өміріне елеулі өзгерістер әкелген 153 жаңа өнертабыс таныстырылды.53 елдің мемлекет басшылары мен үкімет басшылары көрменің қадірлі қонағы мен қатысушысы болды. Көрмеге 112 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысып, «Болашақтың энергиясы» тақырыбында 130-дан астам экспозиция ұсынды.

дереккөзден

Әлем назарын өзіне аудартқан «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің көрсеткіштері:

Көрменің басты символы болған «Нұр Әлем» сферасы әлемнің үздік сәулет өнер туындыларының қатарына енді. Оның құрылысына 13 мың тонна металл кеткен. Шар жабындысы 2800 бірегей әйнектен тұрады. «Нұр Әлемнің» аумағы 22 000 шаршы метрден тұрады.

Көрменің барлық нысандарының құрылысы үшін 56 мың тонна металл мен 500 мың тонна бетон жұмсалған. Бұл әлемдегі ең биік екі мұнараны тұрғызуға жетеді.

Геннадий Головкин алғаш рет тең дәрежеде күрес көрсетті

16-қыркүйек Лас Вегас қаласының T-Mobile Arena спорт кешеңіне отандасымыз Геннадий Головкин мен Мексикалық боксшы Сауль Альварес арасында әлем күткен бокс кеші өтті.

Төрешілердің шешімімен аяқталған 12 раундтық кездесу қорытындысы жанкүйерлерді таң қалдырған болатын. Бірінші төреші жеңісті Альвареске берген болса (118-110), екінші төреші Геннадий жеңіске жетті (115-113) деп шешті. Алайда, үшінші төреші кездесу 114-114 есебімен тең өтті деп тапты.

Бұл орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадидің алғашқы тең дәрежедегі жекпе-жегі.
Осылайша, карьерасында тұңғыш тең нәтижесіне қол жеткізкен 35 жастағы Геннадий Головкин чемпион белдіктерін сақтап қалды.

Сирия мәселесі бойынша Астана келіссөздері

Сирияда қақтығысқан топтар Астанада алғаш рет бір үстелде отырды.

Сирия мәселесі бойынша келіссөздер Астанада ақпан айынан бері тұрақты өткізіліп келеді.

Келіссөздердің басты мақсаты – САР үкіметі мен оппозиция өкілдерінің арасындағы қақтығысты бейбіт түрде шешімін табу. Астана процесінің сегізінші кездесуі 21-22 желтоқсанда өтіп, Иран, Ресей және Түркия кепіл елдерінің ортақ мәлімдемесінде Сириядағы лаңкестікке қарсы күрестегі жетістік, атап айтқанда ДАИШ-қа қарсы күрес және Сирия аумағын аталған лаңкестік ұйымнан босату нәтижелілігі аталады.

«Үштік» Сирия үкіметі өкілдері мен оппозицияны (елдің біртұтастығы, тәуелсіздігі мен бірлігіне, егемендігі мен қол сұғылмаушылығына бейілді) белсенді ынтымақтастыққа шақырды.

9-раунд 2018 жылдың ақпан айында өтеді деп жоспарланды.

Кириллицадан Латын әліпбиіне көшу туралы бұйрыққа қол қойды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 27 қазанда барша түркі тілдес ұлттардың басын қосуға негіз болатын, әлемдегі қандастарымыздың қазақ тілінде жазуына жеңілдік болатын қазақ әліпбиін кириллицадан латын һарпіне көшу жөніндегі бұйрыққа қол қойды.

Латын әліпбиіне көшу жалпы алғанда 2025 жылға дейін жүзеге асырылады.

Шекара мәселелері шешімін тапты

Дүние жүзі бойынша ең ұзын 7.5 мың шақырым болатын мемлекеттік шекарасы бар еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері өзінің территориясын нақтылап алуға аса ден қойды.

Ағымдағы жылда ел шекарасын бекітуде ауқымды жұмыстар атқарылып, көршілермен алғаш рет шекарамыз шегенделіп, жаңа тарихи құжаттармен бекіді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қырғызстан Республикасының президенті Сооронбай Жээнбеков кездесіп, қазақ-қырғыз мемлекеттік шекарасын демаркациялау туралы келісімшартқа қол қойды.

Білім беру жүйесіндегі бірқатар өзгерістер

Білім беру жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізіліп Ұлттық біріңғай тестілеудің (ҰБТ) жаңа форматына сай, жоғарғы балл 125 емес, 140 болып өзгерді. Талапкерлер тесті екі блок негізінде тапсырды. Алғашқы блокта Б3 міндетті пән (математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы бойынша 20 тапсырма және 2 бейінді пәннен (Математика + Физика, Математика + География, Биология + Химия, Биология + География, Шет тілі + Тарих, оқыту тілі (қазақ немесе орыс) және Әдебиет + Тарих, География + Шет тілі, Химия + Физика, Тарих + Адам.Қоғам.Заң – осы пәндер арасынан таңдалатын екі пән, шығармашылық экзамен) – 30 тапсырма берілді. Бейінді пәндер бойынша тапсырмалар бес жауаптың біреуі ғана дұрыс болатын 20 сұрақтан, сондай-ақ бірнеше жауабы дұрыс 10 сұрақтан құралды.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз