2020 жылы Астанада көлік кептелісі азаяды

0
116
Жеңіл рельсті көлік айналма жолының құрылысы. Сурет: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Келер жылы Астанада жеңіл рельсті көлік және кіші айналма жол пайдалануға  беріледі. Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов халыққа есеп беру кезінде жол инфрақұрылымын дамыту туралы айтты.

“Халық белгіленген орынға тез жету үшін автобуспен жүру керектігін түсінді”, – деді әкім. Оның айтуынша, қаладағы 107 негізгі қиылыс “ақылды бағдаршаммен” жабдықталған, ол нақты уақыт жүйесінде жол ағынын оңтайландырады. Қоғамдық көліктер мен такси үшін қалада ұзындығы 77 шақырым арнайы жол бөлігі іске қосылды.

Елорда әкімінің хабарлауынша, асфальт мүлде төселмеген көшелерге төселіп жатыр. Бұл ұзындығы 27 шақырым Көктал, Агроқалашық, Оңтүстік-Шығыс (оң жағы), Промышленный, Энергетиктер және «Өндіріс» кенттеріндегі 51 көше.

2020 жылы жеңіл рельсті көлік және кіші айналма жол пайдалануға беріледі. Ол кептелісті азайтуға өз септігін тигізетін болады.

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз