Көктемгі күйбелең: Шығыс өңірде 74 елді мекенді су басуы мүмкін

0
106

Ресми деректерге сай 2018 жылы көктемде Қазақстанда 58 елдімекенде 1600 үйді еріген қар мен жаңбыр суы басып қалған болатын. Көптеген көпір мен жолдар қирап,  төрт мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілген екен. Республикада өткен жылы болған су тасқыны қайталануы әбден мүмкін.

Әсіресе Шығыс Қазақстан облысында жауған қалың қардың көктемгі жауын-шашынмен қоса халықты әбігерге салуы бек мүмкін. Өңірде жалпы 70-тен астам елді мекенді су басу қаупі төніп тұр.      

Жалпы Шығыс Қазақстан облысы аумағында қазір 222 бөген бар. Олардың 124-і республикалық, яғни Қазсу шаруашылығына тиесілі. Жекенің иелігінде 26. Шығыс Қазақстандағы аудан мен қала әкімшілігінің құзырында алты бөгет бар. Ал қалған 66-сы облыстық «Шығыс су қоймалары» мемлекеттік мекемесінің меншігінде. Соның 15-і жөндеуді қажет етеді. Оған дәл қазір 267 млн теңге қажет дейді мамандар.

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерінің сөзінше, облыс аумағындағы 74 елдімекенді су басуы ықтимал. Бұл ауылдар Катонқарағай мен Бесқарағай, Шемонаиха, Барадулиха, Алтай секілді 15 ауданның аумағында жатыр. Өскемен мен Семей және Риддер қалалары да қауіпті аймақтар қатарында.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз