Түркістандық спортшылар Токио олимпиадасына дайындықты бастады

0
113

2018 жыл Түркістан облысының спортшылары үшін табысты болды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Түркістан облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Полат Қырықбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, өткен жылы облыс спортшылары Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен біріншіліктеріне қатысып, 387 алтын, 382 күміс, 365 қола медальға қол жеткізсе, Азия чемпионаттарында  73 алтын, 58 күміс және 38 қола медальға ие болған.

Ал Әлем чемпионаттары мен Кубоктарында түркістандық сайыпқырандар 32 алтын, 15 күміс және 16 қола медаль жеңіп алды. Ал Индонезияда өткен жазғы Азия ойындарынан түркістандықтар 2 алтын, 2 күміс және 5 қола медаль еншілеген.

Бұқаралық спортты дамыту мақсатында 2018 жылы облыс аумағында 4026  спорттық іс-шара өткізіліп, оған 571,2 мың адам қатысқан. Облыс тұрғындарының спортпен шұғылдану көрсеткіші   28,9 пайызды құрап отыр.
Сонымен бірге, Түркістан облысының спортшылары ҚР Ауыл жасөспірімдерінің 2-ші жазғы ойындарында жалпыкомандалық 2-ші орынды иеленсе, мектеп және колледж оқушылары арасындағы жазғы Спартакиадада 1-ші орынды жеңіп алды.
Басқарма басшысы облыста баскетбол, волейбол және футбол сынды командалық спорт түрлеріне де қолдау күшейетінін айтты.
«Таяу уақытта «Тұран» атты футбол клубын құруды жоспарлап отырмыз. Ол премьер-лигада ойнайтын мықты команда болады. Сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің облыстық футбол мектебі ашылады», – деді басқарма басшысы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз