«7-20-25» бағдарламасына алдағы жылы 100 млрд теңге бөлінеді

0
29
фото: Pixabay

Ұлттық банк, келесі жылға «7-20-25» бағдарламасының бюджетін бекітті.

«7-20-25» ипотекалық кредит беру бағдарламасының шарты бойынша әр жылғы бюджет жеке бекітіледі және 100 млрд теңгеден аспауға тиіс. Сондықтан, 2024 жылғы бюджет лимиті де 2023 жылғымен бірдей бекітілді.

Бағдарламаның бір жылдық бюджетін біркелкі игеру үшін, қаражат тоқсан сайын 25 млрд теңгеден бөлінеді. Бұл, жылдың қай уақытында болмасын тұрғын үй сатып алуды жоспарлаған азаматтар үшін несие алуға ыңғайлы болмақ.

“1 қаңтардан бастап сенімгерлік басқарғаны үшін алатын банктердің сыйақысын жылдық 3%-дан 2,5%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылданды. Қабылданған бұл шара «7-20-25» бағдарламасының операторы шығынын азайтуға, сонымен қатар банктердің бағдарлама аясында кредит беруге деген ынтасын сақтауға мүмкіндік береді. Бұл шешім 7% деңгейінде сақталатын түпкілікті қарыз алушы үшін сыйақы мөлшерлемесіне әсер етпеуге тиіс”, – делінген ұлттық банк хабарламасында.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз