Астанада “жаңа жыл түнінде” 2 мыңға жуық отшашу атылады: Қай жерден тамашалаймыз?

0
30

Сағат 00:00-де отшашуға дейін Қазақстанның әнұраны шырқалады. Кейін Ботаникалық бақ пен «Атырау» көпірінің аумағынан, әр орыннан шамамен 1 мың отшашу атылады деп жоспарланған.

Сонымен қатар 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні қаладағы үш жерде мерекелік іс-шаралар өтеді. 31 желтоқсанда сағат 21:00-ден 02.00-ге дейін орталық алаңда, «Қазақ елі» монументі аумағында және ЭКСПО алаңында елорда тұрғындары мен қонақтары үшін қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Жаңа жыл түні» мерекелік концерті өтеді.

Сондай-ақ, тұрғын үй алаптарында да жаңажылға арналған мерекелік бағдарламалар ұйымдастырылады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз