Қазақстан кубогын тағы да “Қайрат” жеңді

0
36
видеодан скриншот

Түркістан қаласының «Olympic Center Turkistan» спорт кешенінде төрттік финал ойындары өтті.

Футзалдан Қазақстан кубогының жартылай финалында “Семей” “Ақтөбені”, “Қайрат” “Ордабасыны” жеңген еді. Осылайша шешуші кездесуде «Қайрат» «Семейді» 5:3 есебімен жеңіп жарыста топ жарды.

Үшінші орын үшін өткен ойында «Ақтөбе» «Ордабасыдан» 6:1 есебімен басым түсіп қола жүлдегер атанды.

Айта кетейік, осымен “Қайрат” футзал клубы Қазақстан кубогының 19 дүркін жеңімпазы атанды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз