Мерекелік көңіл күй: Редакция таңдаған үздік жаңа жылдық фильмдер

0
40

Жаңа жыл қарсаңында, Kazakhnews редакциясы, сіздерге мерекелік көңіл күй сыйлайтын үздік фильмдер мен мультфильмдер топтамасын ұсынады: 

The Grinch / Гринч 2018 ж. – Гринч – таудың басындағы қараңғы үңгірде өз күшігімен бірге тұратын интроверт. Қала тұрғындарының мерекеге дайындығы оны ашуландырып, соңында жаңа жылды “ұрламақ” болады.

Ирония судьбы, или С легким паром! 1975 ж. – Жаңа жылды тазалықпен қарсы алғысы скелген достар, 31 желтоқсанда моншаға барады. Фильмде сол кездегі тұрғын үйлердің бір-біріне ұқсастығы көрсетіліп, жаңа жыл алдында қарбалас болады.

Homa alone / Өз үйінде жалғыз 1990 ж. – Классика. Жаңа жылдық демалысқа шыққан отбасы үйінде баласы Кевинді ұмытып кетеді. Ал, жергілікті ұрылар, бұл отбасының үйін тонауды бұрыннан көздеп жүрген. Бұл фильмде Кевиннің ұрыларға қарсы айласы комедиялық жанрда көрсетіледі.

Arthur Christmas / Аяз атаның құпия қызметі 2011 ж. – Мерекелік ертегі. Аяз атаның баласы Артур, кішкентай қыздың мейрамға деген сенімін қайта оятады.

Mr. Popper’s Penguins / Поппер мырзаның пингвиндері 2011 ж. – Табысты кәсіпкерге алты пингвин мұраға қалған. Осылайша оның жұмыс қараусыз қалып, сәнді пәтері қарлы үйге айналады. Әрі қарай өзіңіз тамашалап, куә болыңыз.

The Nutcracker and the Four Realms / Шерткіш және төрт патшалық  – Мерекеге ерекше сыйлық алғаннан кейін, жас Клара жұмбақ жерлерге: қар еліне, гүлдер еліне және тәттілер еліне қызықты саяхат жасайды. Бірақ ол, төртінші патшалыққа кіруі керек…

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз