Өткен апта соңы, 3-4 маусымда жарияланған маңызды жаңалықтарға дайджест:
- Өзбекстандық лоукостер Қазақстанға әуе рейстерін ашады
“My Freighter” (Centrum Air) әуе компаниясы 5 маусымнан бастап, аптасына 3 рейс жиілігімен (дүйсенбі, сәрсенбі және жұма) Алматы-Ташкент бағыты бойынша жолаушылар рейсін орындап бастайды.
- «SCAT» әуе компаниясына әкімшілік іс қозғалды
Азаматтық авиация комитеті, 27 мамырдағы Қостанай-Анталья бағыты бойынша VSV–5280 рейсінен жолаушыларды түсіру себебі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 571-бабын бұзғаны үшін «SCAT» әуе компаниясына қатысты әкімшілік іс қозғады.
«SCAT» әуе компаниясының ақпараты бойынша, жолаушыға келтірілген материалдық залал өтелген.
Алайда, құқық бұзушылыққа жол бергендіктен, «SCAT» әуе компаниясы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.
- Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Анкараға жұмыс сапарымен барды
Тоқаев, Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен Анкарадағы «Кулие» сарайында өткен Түркия Республикасының Президентін ұлықтау рәсіміне қатысты.
Мемлекет басшысымен қатар салтанатты шараға, 40-тан астам мемлекеттің басшыларын, үкіметтер мен парламенттердің, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың жетекшілерін қоса алғанда, 90-нан астам делегация өкілі қатысқан.
- Каир қаласында (Мысыр) «әз-Заһир Бейбарыс» мешітінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Іс-шара даңқты билеушінің 800 жылдығына орай ұйымдастырылған. Мешітті 1266 жылы Бейбарыс сұлтанның өзі салдырған. Алайда сан түрлі жағдайларға байланысты жөндеу жұмыстарын қажет еткен. Қазіргі таңда мешіт толық жөндеуден өтіп, келушілерге есігі ашық. Мешіттің ашылу салтанатына Қазақстаннан парламент сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев және бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысты.
- Әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Ролан Гаррос турнирінің үшінші айналымына шықпады
Қазақстандық теннисші үшінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 132-орында тұрған испаниялық Сара Соррибес-Тормомен ойнауы керек еді. Бұл әрекетін теннисші, «Кеше қызуым көтеріліп, өзімді жайсыз сезіндім. Бүгін де солай. Мұндай кезде ойнау ауыр. Мен 100 пайыз дайын емеспін», – деп түсіндірді.