Ресейде қауіпті жұқпалы аурудың таралуына мигранттарды кінәлап жатыр

0
126

Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің дерматовенерология және косметология бөлімінің бас маманы Николай Потекаев елде мерез (сифилис) жұқпалы ауруының дертіне шалдыққандардың көбеюі байқалып, оған мигранттардың Ресейге қайта оралуы себеп болғанын айтты, деп жазады qalampir.uz порталы.

«2021-2022 жылдары COVID-19 медициналық және экономикалық салдары аяқталғаннан кейін Ресейге көші-қон ағыны қайтадан айтарлықтай өсті, сонымен қатар елдің тұрақты тұрғындарының медициналық көмекке жүгіну саны да өсті», – деп түсіндірді Потекаев.
«Invitro» медициналық сараптама бөлімінің меңгерушісі Екатерина Терентева ауру санының көбеюі мерезге тексерілу санының артуына байланысты болуы мүмкін екенін атап өтеді.

Мәліметтерге сүйенсек, 2021 жылы бұл дертті жұқтырғандар саны 21 100 адам болса, 2022 жылы 27 800 адам тіркелген.

Мерез – барлық дене мүшелері мен жүйелерді зақымдайтын және сүйісу, сау адаммен жыныстық қатынасқа түсу, оның ыдыстарын пайдалану арқылы таралатын созылмалы жыныстық (венерологиялық) ауру. Соңғы жылдары қан арқылы жұғу жағдайлары да байқалды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз