Әнші Әбдіжаппар Әлқожа 500 мың теңгеге алған шапанын көрсетті

0
260
Видеодан скриншот (Әбдіжаппар Әлқожа | Жаңа түнгі студияда)

Жаңа түнгі студияның қонағы болған әнші Әбдіжаппар Әлқожа үстіне киіп келген шапанының бағасын айтты, деп хабарлайды Kazaknews.kz.

Әбдіжаппар студияға кіргеннен, көрермендер мен жүргізушілердің көңілі әншінің шапанына ауып кетті. Жүргізушілер де өздерінің таңданысын жасыра алмай «күшті екен шапаныңыз, керемет» деп қолпаштады.

Студияның алғашқы әңгімесі Әбдіжаппардың стилінен басталды.

«Ерлан Жолдасбеков деген дизайнер ағамыз тіккен. Инстаграмнан көріп қалдым. Димаш Құдайбергеновтың администраторы айтып қойып еді, осы шапанды аламыз деп деді. Димаш дегеннен кейін, қызығушылық мүлдем артып кетті», – деді Әбдіжаппар Әлқожа.

Алдымен шапанның бағасын айтпай, «осынша» деп қысқартып кеткен Әбдіжаппардан, жүргізушілер әзілдеп отырып, шын бағасын біліп алды.

«Бағасы 500 мың теңге. Жарты ақшасын салып жіберім де, Димашқа табылатын шығар, көп қой ол кісіге дедім», – деді әнші.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз