13 сәуірде облыстық экология департаментінің бұрынғы басшысы Нұржан Аққұл пара алу дерегі бойынша кінәлі деп танылып, 12 млн теңге сомасындағы айыппұл жазасына кесілді. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сонымен қатар, экс-басшы мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айрылған.
Нұржан Аққұл өткен жылдың 19 желтоқсанында Ақтөбе облысының экология департаментінің басшысы ретінде кәсіпкерлік субъектісі директорынан 400 мың теңге сомасындағы пара алғаны үшін Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен ұсталған. Аталған параны бірінші санаттағы объектілер үшін эмиссиялардың қоршаған ортаға әсер етуіне рұқсат беруі және жалпы қамқорлық көрсетуі үшін алған.