Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы тағайындалды

0
348
Руслан Желдібай.

14 сәуірде Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы болып Руслан Желдібай тағайындалды.

Наурыз айының соңында президенттің бұрынғы баспасөз хатшысы Берік Уәли қызметінен босатылып, мемлекеттік “Хабар агенттігі” АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалған.

33 жастағы Руслан Желдібай 14 ақпаннан бері премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары болған. Оған дейін екі жылға жуық президент әкімшілігі ішкі саясат бөлімі жетекшісінің орынбасары қызметін атқарды. 2019-2020 жылдары ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болды. Оған дейін бірнеше жыл мемлекеттік арналарда түрлі қызмет атқарды. Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университетін тәмамдаған. “Болашақ” бағдарламасы бойынша Ұлыбританияда білім алған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз