Тоқаев кеңесшісін “ҚазМұнайГаз” басшысы етіп тағайындады

0
279
Мағзұм Мырзағалиев. Photo: primeminister.kz

Бейсенбіде президент Қасым-Жомарт Тоқаев кеңесшісі Мағзұм Мырзағалиевті қызметінен босатып, Қазмұнайгаздың басшысы етіп тағайындады. Бұл туралы ақпарат Ақорда сайтында жарияланды. 

42 жастағы Мағзұм Мырзағалиев “Тұран” университетін экономист мамандығы бойынша тәмамдаған. Ол бұған дейін газ және мұнай министрінің, энергетика министрінің орынбасары, экология, геология және табиғи ресурстар министрі болған.

Теңіз, Батыс Сібір кеніштерінде жұмыс істеген. “Қазмұнайгазға” қарасты “Теңіз сервис” компаниясын басқарған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз