UEFA чемпиондар лигасының жартылай финалына өткен командалар белгілі болды

0
241

Футболдан UEFA чемпиондар лигасының жартылай финалына өткен командалар белгілі болды. 1/2 финалда “Манчестер Сити” мен “Реал Мадрид” және “Вильярреал” мен “Ливерпуль” кездеседі.

13 cәуірде ширек финалдың екінші ойындарында ағылшындық «Ливерпуль» мен португалиялық «Бенфика» (3-3) және тағы бір ағылшындық «Манчестер Сити» мен испаниялық «Атлетико Мадрид» (0-0) клубтары кездесті. Қорытынды есеп бойынша Ливерпуль командасы 6-4 есебімен, ал Манчестер сити клубы 1-0 есебімен келесі кезеңге өтті.

12 сәуірде өткен ойындардың қорытындысы бойынша “Реал Мадрид” клубы лондондық “Челси” клубынан басым түссе, тағы бір испаниялық клуб “Вильярреал” мюнхендік “Баварияны” жеңді.

Жартылай финал ойындары 26-27 сәуір және 3-4 мамыр күндері өтеді. Ал, финалдық ойын 28 мамырда өтеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз