18 желтоқсан күні (Қазақстанда 19 желтоқсан таңертеңгі уақытта) қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) польшалық Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) орта салмақтағы IBF және IBO белбеулері үшін жекпе-жек өткізеді.
Өткен айдың аяғында Головкиннің промоутері Эдди Хирн өз twitter парақшасында 18 желтоқсан күні Головкин орта салмақтағы әлем чемпионы титулын жиырма бірінші рет қорғап тарихқа кіретіндігін және жекпе-жектің Hard Rock Holly қонақ үй-казиносында өтетіндігін хабарлады.
. @gggboxing makes history on Dec 18 with a record breaking 21st defence of his World Middleweight title v IBF mandatory @szeremeta_kamil on @daznboxing from @HardRockHolly #BigDramaShow 🇰🇿 🇵🇱 pic.twitter.com/JnMeT1xZ91
— Eddie Hearn (@EddieHearn) November 24, 2020
Головкин: Қазақстанда жекпе-жек өткізгім келеді
Геннадий Головкин алдағы жекпе-жекке байланысты Zoom конференциясына қатысып журналистер сұрақтарына жауап беруі барысында Қазақстанда жекпе-жегін өткізуі туралы жауап берді.
“Алда әлі пандемияның қаншалықты ұзақ болатыны белгісіз, шекаралардың қашан ашылатыны да белгісіз. Негізінде мен әлемнің барлық елдерінде жекпе-жек өткізгім келеді. Әрине оның ішінде Қазақстанда жекпе-жек өткізсем деймін, егер бұл жүзеге асса керемет болар еді.” – деді Геннадий Головкин.