Головкин мен Шеремета арасындағы жекпе-жектің уақыты нақтыланды

0
108

18 желтоқсан күні қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО)  польшалық Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) орта салмақтағы IBF және IBO белбеулері үшін жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы Головкин инстаграм парақшасында бөлісті.

Головкиннің промоутері Эдди Хирн жекпе-жек Hard Rock Holly қонақ үй-казиносында өтетіндігін айтты. Ол сонымен қатар өз twitter парақшасында 18 желтоқсан күні Головкин орта салмақтағы әлем чемпионы титулын жиырма бірінші рет қорғап тарихқа кіретіндігін хабарлады. 

Айта кетейік, осыдан екі апта бұрын Шеремета өз инстаграм парақшасында Головкинмен 18 немесе 19 желтоқсанда жекпе-жеккке шығатынын жазған болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз