2000-нан астам қазақстандық коронавирустан қайтыс болды

0
130

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 5 және пневмониядан 4 адам қайтыс болды. Елде жалпы коронавирустан 2001 адам, пневмониядан 432 адам өлді.Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

25 қараша таңертеңгі ақпаратта 720 адам вирус жұқтырып, оның ішінде 160 адам Шығыс Қазақстан облысында. Індет жұқтырғандардың жалпы саны 127 580 адамға жетті. Бұдан бөлек 701 адам аурудан жазылып, барлығы 114 347 адамға жетті.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 11 232 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 672 бала бар.

Жұқтырғандар тізімі аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 50
Алматы қаласы – 43
Шымкент қаласы – 3
Ақмола облысы – 69
Ақтөбе облысы – 6
Алматы облысы – 22
Атырау облысы – 8
Шығыс Қазақстан облысы – 160
Жамбыл облысы – 14
Батыс Қазақстан облысы – 29
Қарағанды облысы – 18
Қостанай облысы – 66
Қызылорда облысы – 1
Маңғыстау облысы – 2
Павлодар облысы – 112
Солтүстік Қазақстан облысы – 112
Түркістан облысы – 5

Жазылғандар тізімі аймақтар бойынша:
Алматы қаласы – 94
Ақмола облысы – 34
Ақтөбе облысы – 6
Атырау облысы – 38
Шығыс Қазақстан облысы – 138
Батыс Қазақстан облысы – 29
Қарағанды облысы – 17
Қостанай облысы – 4
Маңғыстау облысы – 6
Павлодар облысы – 56
Солтүстік Қазақстан облысы – 275
Түркістан облысы – 4

Соңғы 24 сағатта коронавирус белгілері бар пневмониның 204 жағдайы тіркелді. Ал жазылғандар саны 91 адам. Осылайша елде пневмонияны 41427 адам жұқтырып, 30207 адам жазылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз