Сауда орталықтарындағы қосымша қауіпсіздік шаралары мен адамдар көп жиналатын орындар туралы Үкімет отырысымен қоса Астана әкімдігінде де талқыға салынды. Бұл туралы Елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Биыл ерекше тәртіппен Астанадағы 50 сауда объектілеріне қатысты тексеру жүргізіліп жатыр. Тексеру кезінде қауіпсіздік техникалары ережесінің сақталуы, өрт сөндіру жүйесі мен хабарландыру, эвакуация схемасы мен авариялық шығу жолдарына баса мән берілуде.
«9 Ойын-сауық орталығының (ОСО) 6 тексерілді. Үш орталықтан 32 ереже бұзушылық анықталған. Әкімшілік жауапкершілікке 3 адам тартылып, айыппұл салынды. 2 ОСО-да аудит жүргізілді, ал 1 нысанға (Mega Silk Way Astana) тексеру осы жылы жасалады», делінген мәлімдемеде.