Б.Сағынтаев: Сауда орталықтарында тексеріс жүргізілуі қажет

0
110

Бүгінгі өткен Үкімет отырысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Ресейдің Кемерово қаласындағы қайғылы өрт оқиғасынан сабақ алуға шақырды.

Сағынтаев:

 «Ресейдің Кемерово қаласында болған қайғылы жағдай барлықтарыңызға мәлім. Сауда орталығында өрт болып, 60-тан астам адам қаза тапты. Оның отыз бесі балалар. Елбасы Ресей президентіне ресми түрде көңіл айтты. Бізде бұл төтенше оқиғадан сабақ алуымыз керек», –

деді.

Әлеуметтік желілерде қызу талқыға салынып жатқан қайғылы оқиғаның мән-жайын блогерлер де сауда орталықтарына барып тексеріп жүр.

Премьер-министр:

«Ішкі істер министрлігі өртке қарсы қызмет әкімдіктермен бірлесіп, сауда орталықтарында тексеріс өткізіп, тиісті шараларды қолдану қажет», – 

деп,  басты бақылауды Асқар Ұзақбайұлына тапсырды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз