Мемлекеттік тілді меңгергендердің пайыздық көрсеткіші белгілі болды

0
141
дереккөзден

Қазақстандықтардың шамамен 80%-ы мемлекеттік тілді меңгерген. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы бүгінгі өткен Үкімет отырысы барысында мәлімдеді.

Халықтың мемлекеттік тілді меңгеруіне қатысты жүргізілген зерттеу қорытындыларына сәйкес, 2017 жылы мемлекеттік тілді халықтың 83,1%ы меңгерген. Үш тілді игерген ересек тұрғындардың үлесі 22,3%ды құрады, деп мәлімдеді А. Мұхамедиұлы.

Министр мемлекеттік тілдегі құжат айналымының үлесі 92%ды, қазақ тіліндегі БАҚ-тың үлесі 72%ды құрағанын алға тартты.

Республикада мемлекеттік тілге баулитын 89 аймақтық оқу орталықтары жұмыс істейтіні де аталды.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз