1 наурыздағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 13 403 шетел азаматы жұмыс жасап жатыр, деп хабарлайды kazaknews.kz тілшісі.
Шетел жұмыс күшін (бұдан әрі – ШЖК) тартуға рұқсаттың арасында мынадай санаттар бар:
- басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 565 рұқсат (бірінші санат),
- құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 966 рұқсат (екінші санат).
- Тартылған ШЖК негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 7 199 және 883 адам.
- Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 391 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 1 399 адам тартылды.
Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 640 жұмыс беруші бар. Оларда 409 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96% – ы.
Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 3 411 адам, Үндістан – 1 685 адам, Түркия – 1 523 адам, Ұлыбритания – 1 073 адам, Өзбекстан – 769 адам.