22 қыркүйектен бастап “Qazaq Air” әуе компаниясы аптасына 1 рейспен Ақтөбе–Қазан бағытында ұша бастайды. Бұл туралы 31 тамызда өткен Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың кезекті отырысына сілтеме жасап индустрия министрлігі хабарлады.
Министрлік мәліметінше, Ресеймен арадағы рейстер санының одан әрі ұлғаюы эпидемиологиялық жағдайға, ВАК шешіміне және Ресейдің тиісті мемлекеттік органдарының шешіміне байланысты болады.