Қазақстаннан Ресейге тағы бір әуе рейсі ашылады

0
90
Qazaq Air ұшағы. Photo: Airlines inform

22 қыркүйектен бастап “Qazaq Air” әуе компаниясы аптасына 1 рейспен Ақтөбе–Қазан бағытында ұша бастайды. Бұл туралы 31 тамызда өткен Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың  кезекті отырысына сілтеме жасап индустрия министрлігі хабарлады.

Министрлік мәліметінше, Ресеймен арадағы рейстер санының одан әрі ұлғаюы эпидемиологиялық жағдайға, ВАК шешіміне және Ресейдің тиісті мемлекеттік органдарының шешіміне байланысты болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз