Бір күнде 3 583 адам коронавирус жұқтырды

0
80

Қазақстанда өткен тәулікте 3 583 адамның ПТР тесті коронавирус жұқтырғанын анықтаған. Осылайша елде індет жұқтырғандар саны 820 479 жетті. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол
бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

Нұр-Сұлтан қаласында – 327, Алматы қаласында – 957, Шымкент қаласында – 106, Ақмола облысында – 221, Ақтөбе облысында – 189, Алматы облысында – 246, Атырау облысында – 67, Шығыс Қазақстан облысында – 169, Жамбыл облысында – 82, Батыс Қазақстан облысында – 45, Қарағанды облысында – 398, Қостанай облысында – 203, Қызылорда облысында – 50, Маңғыстау облысында – 192, Павлодар облысында – 221, Солтүстік Қазақстан облысында – 76, Түркістан облысында – 34 адам індетке шалдыққан.

Бір күнде 6 362 адам коронавирус инфекциясынан айыққан.

7 қыркүйектегі ақпарат бойынша 90 160 адам коронавирус инфекциясынан (82 575 КВИ+ және 7 585 КВИ-) емделіп жатыр.

19 279 пациент стационарда, 70 881 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 1 479 адамның жағдайы ауыр, 387 пациенттің жағдайы өте ауыр, 209 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз