Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында және Қарағанды, Жамбыл облыстарында эпидемиологиялық жағдайға байланысты жұма намазы оқылмайды. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметі хабарлайды.
“ҚМДБ-ға қарасты 19 өкілдік болса, соның тек 5-уінде ғана жұма намазын оқу уақытша тоқтатылған. Ал қалған өңірлерде жұма намазы мешіт ауласында атқарылып келеді. Сондай-ақ елімізде карантин күшейтілген күндердің өзінде Жұма, жамағат намаздары оқылмай қалса да, мешіттерде бес уақыт намазға азан айту үзілген емес”, – делінген мүфтият мәлімдемесінде.
ҚМДБ мешітке келуші жамағаттан санитарлық талаптарды ескеріп, бетперде тағып келуді, антисептик пайдалануды және пандемия жағдайына байланысты бекітілген ережелерге түсіністік танытуларын сұрайды.
Жұма намазы 27.08.2021
| 1 | Нұр-Сұлтан қаласы | оқылмайды |
| 2 | Алматы қаласы | оқылмайды |
| 3 | Шымкент қаласы | оқылмайды |
| 4 | Алматы аймағы | мешіт ауласында оқылады |
| 5 | ШҚО | мешіт ауласында оқылады |
| 6 | Қарағанды облысы | оқылмайды |
| 7 | Атырау облысы | мешіт ауласында оқылады |
| 8 | СҚО | мешіт ауласында оқылады |
| 9 | Ақмола облысы | мешіт ауласында оқылады |
| 10 | Ақтөбе облысы | мешіт ауласында оқылады |
| 11 | БҚО | оқылады |
| 12 | Маңғыстау облысы | мешіт ауласында оқылады |
| 13 | Түркістан облысы | мешіт ауласында оқылады |
| 14 | Павлодар облысы | мешіт ауласында оқылады |
| 15 | Семей аймағы | мешіт ауласында оқылады |
| 16 | Талдықорған аймағы | мешіт ауласында оқылады |
| 17 | Қызылорда облысы | мешіт ауласында оқылады |
| 18 | Жамбыл облысы | оқылмайды |
| 19 | Қостанай облысы | мешіт ауласында оқылады |

























































