1 қыркүйекте парламенттің бірлескен отырысы өтеді

0
287
Парламент палаталарының ғимараты.

1 қыркүйекте Сенат пен Мәжіліс депутаттарының бірлескен отырысы өтеді. Парламент палаталарының бірлескен отырысын өткізу туралы өкімге Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин қол қойған. 

Қазақстан депутаттары 30 маусымда демалысқа кеткен болатын.

Өткен сессияда парламент палаталарының бірлескен үш отырысы, Мәжілістің 23 жалпы отырысы және Сенаттың 21 жалпы отырысы өтті. Сессия бойынша екі палата 104 заң жобасын қараған. Қазіргі уақытта олардың 63-і қабылданған, 58-іне президент қол қойып күшіне енген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз