Қорғаныс министрі: Отставкаға кету туралы шешім қабылдадым

0
210
Қазақстан Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев. Photo: Video Screen

26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери қоймада болған жарылысқа байланысты сол аймаққа барған Қазақстан Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев қызметтен кету туралы жоғары басшылыққа мәлімдеме жасайтынын айтты. Бұл туралы Азаттық тілшісіне сілтеме жасап Қазақньюс агенттігі хабарлайды.

Бір күн бұрын кешке қарай Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери қоймада болған жарылыстан соң әлеуметтік желілерде түрлі болжамдар мен бастамалар көбейген. Соның ішінде Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев қызметінен кетуі керек деген пікірлер бар еді.

Бүгін таңертең журналистерге брифинг өткізіп кетіп бара жатқан қорғаныс министріне Азаттық тілшісі Манас Қайыртайұлы отставкаға кету жөніндегі пікірлерге қалай қарайтынын сұраған.

– Қазіргі басты мақсатым апат салдарын жою. Осы хабарды естігеннен кейін бірінші минутта “отставка сұраймын” деген шешім қабылдағанмын. Қалғанын жоғары басшылық шешеді,- деді Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев.

Министр Ермекбаевтың сөзінше, әскери қоймада жарылған оқ-дәрілер осыдан екі жыл бұрын Арыс қаласынан әкелінген.

2019 жылы 24 маусымында Арыстағы әскери оқ-дәрі қоймасы жарылып, төрт адам қаза тапқан еді. Жарылыс болған күні мыңдағын үй зақымданып, Арыстың 40 мыңнан астам тұрғыны Шымкент қаласы мен төңірегіндегі елдімекендерге эвакуацияланған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз