6,5 миллионнан астам қазақстандық вакцина ектірді

0
238

27 тамыз таңертеңгі ақпаратта 6 525 279 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын алды. Вакцинаның ІІ компонентін 5 227 226 адам алған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Бұдан бөлек министрлік мәліметінше 6452 адам вирус жұқтырып, 121 адам қайтыс болды. 8285 адам індеттен айыққан. Коронавирус пневмониясын 360 адам жұқтырып, 22 адам қайтыс болды. Пневмониядан 135 науқас емделіп шықты.

Жалпы 117 566 адам коронавирус инфекциясынан емделуде. Олардың ішінде 27 244 пациент стационарда, 90 322 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Науқастардың ішінде 1 857 адамның жағдайы ауыр, 516 адамның жағдайы өте ауыр және 208 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Қазіргі таңда қазақстандықтарға вакцинаның үш түрі қолжетімді – қазақстандық QazVac, қытайлық Sinopharm фармкомплексінің Vero Cell және ресейлік «Спутник V» вакциналары.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз