Қазақстанның 5 аймағында жұма намазы оқылмайды

0
560
Нұр-Сұлтандағы Әзірет Сұлтан мешітінің мұнарасы. Photo: astana.gov.kz

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында және Қарағанды, Жамбыл облыстарында эпидемиологиялық жағдайға байланысты жұма намазы оқылмайды. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметі хабарлайды.

“ҚМДБ-ға қарасты 19 өкілдік болса, соның тек 5-уінде ғана жұма намазын оқу уақытша тоқтатылған. Ал қалған өңірлерде жұма намазы мешіт ауласында атқарылып келеді. Сондай-ақ елімізде карантин күшейтілген күндердің өзінде Жұма, жамағат намаздары оқылмай қалса да, мешіттерде бес уақыт намазға азан айту үзілген емес”, – делінген мүфтият мәлімдемесінде.

ҚМДБ мешітке келуші жамағаттан санитарлық талаптарды ескеріп, бетперде тағып келуді, антисептик пайдалануды және пандемия жағдайына байланысты бекітілген ережелерге түсіністік танытуларын сұрайды.

Жұма намазы 27.08.2021
1 Нұр-Сұлтан қаласы оқылмайды
2 Алматы қаласы оқылмайды
3 Шымкент қаласы оқылмайды
4 Алматы аймағы мешіт ауласында оқылады
5 ШҚО мешіт ауласында оқылады
6 Қарағанды облысы оқылмайды
7 Атырау облысы мешіт ауласында оқылады
8 СҚО мешіт ауласында оқылады
9 Ақмола облысы мешіт ауласында оқылады
10 Ақтөбе облысы мешіт ауласында оқылады
11 БҚО оқылады
12 Маңғыстау облысы мешіт ауласында оқылады
13 Түркістан облысы мешіт ауласында оқылады
14 Павлодар облысы мешіт ауласында оқылады
15 Семей аймағы мешіт ауласында оқылады
16 Талдықорған аймағы мешіт ауласында оқылады
17 Қызылорда облысы мешіт ауласында оқылады
18 Жамбыл облысы оқылмайды
19 Қостанай облысы мешіт ауласында оқылады

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз