23 ақпанда Орал қаласынан 54 шақырым жерде, Чапурино кентінің ашық аумағында «Атырау-Орал-Атырау» бағыты бойынша ұшқан ТЖМ Қазавиақұтқару тікұшағы құлаған, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.
Түкұшақтың құлау нәтижесінде бортта болған ТЖМ Қазавиақұтқару төрт қызметкері қаза тапқан.
Бортта 6 адам – 5 экипаж мүшесі және “ҚазТрансОйл” АҚ-ның 1 өкілі болған.
Экипаждың екі мүшесіне медициналық көмек көрсетілген.
Тікұшақ апатынан қаза тапқандардың қатарында ұшқыш-нұсқаушы Дәулетбай Қанатов Сабырбайұлы, екінші пилот Владимир Афанасьев Константинович, аға борт механик-нұсқаушы Сиязбек Андосов Шажалиұлы және жетекші инженер Жәрдем Доскалиев Қуанышқалиұлы бар.
Қазақньюс ақпарат агенттігі қайтыс болғандардың жақындарына қайғыра көңіл айтады…