АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға келеді

0
67

 28 ақпанда АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға өзінің алғашқы сапарын жасайды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Астанада болуы барысында мемлекеттік хатшыны президент Қасым-Жомарт Тоқаев және сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қабылдап, онымен екіжақты келіссөздер өткізеді.

Бұдан бөлек ресми сапар барысында Э.Блинкен және Орталық Азия елдерінің сыртқы саяси мекемелері басшыларының қатысуымен С5+1 форматындағы Министрлік кездесу өтеді. Күн тәртібі өңірлік ынтымақтастық және АҚШ-пен серіктестік мәселелерін одан әрі дамытуды қамтиды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз