Батыс Қазақстанда тікұшақ құлап 4 адам мерт болды

0
187

23 ақпанда Орал қаласынан 54 шақырым жерде, Чапурино кентінің ашық аумағында «Атырау-Орал-Атырау» бағыты бойынша ұшқан ТЖМ Қазавиақұтқару тікұшағы құлаған, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Түкұшақтың құлау нәтижесінде бортта болған ТЖМ Қазавиақұтқару төрт қызметкері қаза тапқан.

Бортта 6 адам – 5 экипаж мүшесі және “ҚазТрансОйл” АҚ-ның 1 өкілі болған.

Экипаждың екі мүшесіне медициналық көмек көрсетілген.

Тікұшақ апатынан қаза тапқандардың қатарында ұшқыш-нұсқаушы Дәулетбай Қанатов Сабырбайұлы, екінші пилот Владимир Афанасьев Константинович, аға борт механик-нұсқаушы Сиязбек Андосов Шажалиұлы және жетекші инженер Жәрдем Доскалиев Қуанышқалиұлы бар.

Қазақньюс ақпарат агенттігі қайтыс болғандардың жақындарына қайғыра көңіл айтады…

Стали известны имена погибших при крушении Ми-8 в ЗКО

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз